Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Шарбақты тарихи-өлкетану музейінде гимназиялық сыныптары бар №1 жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларына арналған «Теңге тарихы: ұлттық валютаның қалыптасу жолы» тақырыбы бойынша іс-шара өтті.

Оқушылар теңгенің пайда болу тарихымен танысып, алғашқы банкноттар туралы мәлімет алды, QR-кодтар арқылы интерактивті тапсырмаларды орындады, сондай-ақ алғашқы шығарылымдағы түпнұсқа банкноттарды көріп, қолдарына ұстап көруге мүмкіндік алды.

Өлкетану сабағы оқушылардың өз елінің тарихы мен ұлттық валютаның маңызы туралы білімдерін кеңейтуге көмектесті.

Теңге — Қазақстан тәуелсіздігінің символы!