Шарбақты тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері №2 мектептің жоғары сынып оқушыларына «Туған өлке бойынша саяхат» тақырыбында жаяу экскурсия өткізілді.
Экскурсия барысында оқушылар Шарбақты ауылының ескерткіштерімен, тарихи орындарымен және көрікті жерлерімен танысып, өлке тарихындағы маңызды оқиғалар, танымал жерлестеріміз және туған өлкенің мәдени мұрасы туралы мағлұмат алды.
Экскурсия оқушыларға өздері жақсы білетін жерлерге жаңаша көзқараспен қарауға, туған өлкенің тарихына тереңірек үңілуге және өз өлкесіне деген мақтаныш сезімін арттыруға мүмкіндік берді.


