Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдық мерейтойына орай Ақсу тарихи-өлкетану музейінде танымдық сағат өткізілді. Іс-шараға Ыбырай Алтынсарин атындағы мектептің 3 «Б» сынып оқушылары қатысты. Оқушылар Ыбырай Алтынсариннің өлеңдерін жатқа оқып, «Әке мен бала» әңгімесі бойынша сахналық көрініс көрсетті. Кемесер Аяла домбырамен «Тепеңкөк» күйін орындады. Сонымен қатар, тақырыпқа байланысты бейнеролик көрсетіліп, сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Іс-шара соңында оқушылар музей экспозицияларымен танысып, экскурсия жасады. Танымдық сағат жас ұрпақтың білімге құштарлығын арттырып, ұлы ағартушының мұрасын танытуға бағытталды.


