Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта-теңге күні қарсаңында Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Қазақстан валютасы – теңгенің тарихы» атты көрме ашылды.
Көрмеге теңгенің айналымға енгізілу тарихы, алғашқы банкноттар мен монеталар, олардың жетілдірілу кезеңдері мен дизайнының өзгеруі туралы баяндайтын материалдар қойылды.
«Торайғыров университеті» жоғары колледжінің студенттері ұлттық валютаның жасалу тарихы, оның мемлекеттің экономикалық өміріндегі маңызы және Қазақстан тәуелсіздігін нығайтудағы рөлі туралы қызықты деректермен кеңінен танысты.


