Қазақтың ұлттық қолөнері – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан асыл мұрасы. Әсіресе, ою-өрнектердің әрқайсысы өзіндік тарихы мен терең мағынаға ие. Осы тақырыпта «Ұлттық оюлар сыры неде?» атты танымдық дәріс Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінде өтті. Оқушылар ұлттық ою-өрнектердің тарихы, ерекшелігі мен мән-мағынасы туралы қызықты мәліметтер алды.


