Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде Республика күніне арналған «Қазақ елі – менің Отаным» атты мерекелік іс-шара өтті. Кездесуге № 6679 әскери бөлімінің сарбаздары қатысты.
Шақырылған қонақтар жиналған қауымды ұлттық мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Іс-шараның ерекше сәнін күйшілер мен жас сарбаздың дәстүрлі қазақ күйлерін орындауы келтіріп, мерекелік көңіл күй сыйлады.


