Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Ақсу қаласының тарихын танып, туған өлкенің шежіресіне үңілу мақсатында Ақсу қаласындағы Қаныш Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназияның 7 «А» сынып оқушыларының қатысуымен «Туған өлке шежіресі» атты виртуалды ойын-саяхат ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында оқушылар Ақсу қаласының тарихымен, туған өлкенің өткені мен тарихи мұраларымен танысты. Виртуалды ойын форматында ұйымдастырылған танымдық тапсырмалар арқылы оқушылар өз білімдерін сынап, белсенділік танытты.

Республика күніне орай оқушыларға арнайы бейнесұрақтар ұсынылып, Қазақстанның тарихы, тәуелсіздігі мен ұлттық құндылықтары туралы білімдері пысықталды.