Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің маманы Франк Дмитрий Артурович Астана қаласындағы «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында өткен «Музей – білім беру кеңістігі: қызметтің инновациялық бағыттары» атты республикалық ғылыми-практикалық семинарда Қазақстан музейлерінің басшылары, директорлары мен мектеп педагогтары алдында баяндама жасады.
Семинар музей мамандары мен педагогтерді біріктіріп, идеялар мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Қатысушылар музей қызметіне инновациялық тәсілдерді енгізу және музейлер мен білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылап, өзара тәжірибе алмасты.


