Қазанғап би Сатыбалдыұлының туғанына 255 жыл толуына орай Абай атындағы орта мектебінде 6-сынып оқушыларына арналған «Қазанғап би Сатыбалдыұлы. Еліне адал қызмет еткен тұлға» атты өлкетану сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – туған өлкенің тарихында өзіндік із қалдырған Қазанғап би Сатыбалдыұлының өмірі мен қоғамдық қызметі туралы мағлұмат беру, оқушылардың туған тарихына деген қызығушылығын арттыру.
Өлкетану сағаты барысында оқушылар тарихи тұлға туралы суреттер мен деректер арқылы оның өмірбаяны және ел игілігі жолындағы қызметімен танысты. Сұрақ-жауап кезеңіне белсене қатысып, білімдерін толықтырды. Сондай-ақ, «Егер мен ел ағасы болсам, туған жерім үшін...» деген сөйлемді әр оқушы өз ойымен жалғастырып, туған жерінің дамуына қосар үлесі туралы пікірлерімен бөлісті.
Тағылымды шара оқушылардың тарихи санасын қалыптастыруға, елге деген сүйіспеншілігін арттыруға және туған жердің көрнекті тұлғаларын құрметтеуге ықпал етті.


