Павлодар қаласы күніне орай Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі «Павлодар – біз сүйетін қала» атты көрменің салтанатты ашылуы өтті. Экспозицияда қаламыздың тарихы мен бүгінгі тыныс-тіршілігі тоғыстырды. Келушілер Павлодар қаласының қалыптасу тарихын, өңірдің көрнекті тұлғалары мен жетістіктерін баяндайтын музей жәдігерлерімен танысты. Көрменің ерекше бөлігін павлодарлық тұрғындар түсірген фотосуреттер құрады. Онда қаламыздың көркем келбеті, ерекше атмосферасы және тұрғындардың сүйікті орындары бейнеленген. Көрме бір ай бойы жұмыс істейді. Кіру тегін.


