Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде ұлы ақын, ойшыл әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған көрменің ашылуы өтті. Көрме барысында келушілер Абайдың өмір жолы мен әдеби мұрасымен танысып, музей қорындағы кітаптар, фотоматериалдар және этнографиялық жәдігерлерді тамашалады. Сонымен қатар Абай мен Нифонт Иванович Долгополовтың кездесуі негізінде театрландырылған көрініс көрсетіліп, Абай әндері орындалды. Көрменің мақсаты – Абай мұрасын насихаттау, ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу және ұлы ойшылдың тағылымын кейінгі ұрпаққа жеткізу.


