Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Ақсу тарихи-өлкетану музейі ардагерлер кеңесінің үйінде Ұлы Отан соғысының ардагері, майдангер медбике Мария Карлашованың туғанына 105 жыл толуына арналған «Адамдарға арналған ғұмыр» атты еске алу кешін өткізді. Соғыс жылдарында ол майдан даласында талай жауынгердің өмірін арашалап қалса, соғыстан кейін жарты ғасырға жуық уақыт бойы халықтың денсаулығын сақтауға қызмет етті. Іс-шараға қаланың құрметті азаматтары, жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушылар, Мария Игнатьевна 15 жыл бойы төрағалық еткен, жүрегінің бір бөлшегін арнаған «Мудрость» клубының мүшелері қатысты. Бұл клубта ол достарымен жүздесіп, ардагерлерге қолдау көрсетіп, өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, адамдарды бір мақсатқа ұйыстыра білді. Жылы әрі достық жағдайда өткен кеште қатысушылар Мария Игнатьевнаны тек майдангер медбике ретінде ғана емес, клубтың төрайымы, тәлімгері әрі жанашыр досы ретінде де үлкен ілтипатпен еске алды. Мария Игнатьевна Карлашова туралы жарқын естелік оны таныған жандардың жүрегінде ғана емес, қаламыздың тарихының ажырамас бір бөлігіне айналсын. Оның өнегелі өмір жолы жас ұрпақты қайырымдылыққа, мейірімділікке және ел игілігі үшін адал қызмет етуге шабыттандыра берсін. Мария Карлашованың жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады.

@ertis_madenieti
@medet_tauaskan
@rizagulnegmanova
@madeniet_tilder_aksu
@pavl_muzei