"Белғыбай Шалабаев - ғалым, ұстаз, ардагер" ерлік сабағы. Әскери Даңқ музейінде Ұлы Отан соғысының ардагері, филология ғылымдарының докторы, профессор Белғыбай Шалабаевтың 115 жылдығына арналған "Белғыбай Шалабаев - ғалым, ұстаз, ардагер" атты ерлік сабағы өтті. Іс-шара жастардың бойында отансүйгіштікке, батылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеуге бағытталған. Аталған іс-шараның қонақтары А. Шамкенов атындағы ЖОББМ оқушылары болды.


