«Қажымұқан Мұңайтпасов – қазақ тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан» кездесу. Ақсу тарихи-өлкетану музейде қазақтың мақтанышы, әлем аренасында ел намысын қорғаған дара балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының мерейтойына арналған «Қажымұқан Мұңайтпасов – қазақ тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан» атты спортшылармен кездесу өткізілді. Іс-шарада Абая және Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушылары мен балалар спорт мектебінің тәрбиеленушілері қатысып Қажымұқан Мұнайтпасовтың өмірбаяны мен жетістіктерімен танысып, сұрақ-жауаптар ойына белсенді қатысты. Шараның қонағы Амиртаев Қайрат– еркін күрестен бірнеше дүркін чемпионы, жастар арасында әлем чемпионатының қатысушысы, спорт шебері, балалар спорт мектебінде жаттықтырушысы шәкірттерімен күрес элементтерін көрсетіп, оқушылар арасында дзюдо, акробатикаға қатысатын спортшылар өз жетістіктерімен бөлісті.


