«Құрақ үні» ART-көрмесі. Наурызнама онкүндігі аясында «Құрақ үні» заманауи ART-көрмесінің салтанатты ашылуы «Еrtis» музейінде өтті. Көрме қазақтың ұлттық өнерін, соның ішінде құрақ құрау дәстүрін кеңінен насихаттап, оны заманауи форматта жаңаша қырынан танытты. Экспозицияда сәндік-қолданбалы өнер мен заманауи үйлесімі көрініс тауып, ұлттық мұраның құндылығы мен ұрпақтар сабақтастығы айқын байқалды.
Наурыз мерекесі күндері «Еrtis» музейіне келіп, көрмені тамашалап, ұлттық өнердің терең мәні мен әсемдігін сезінуге шақырамыз!

