«Ұлттық киім – мәдениет көрінісі» сәнді дефиле. Музейде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай «Ұлттық киім – мәдениет көрінісі» атты сәнді дефиле өтті. Іс-шара барысында қазақ халқының тарихы мен мәдениетін бейнелейтін ұлттық киім үлгілері көрермен назарына ұсынылды. Сонымен қатар музей қорындағы ұлттық киімдер көрсетіліп, олардың мағынасы мен ерекшеліктері таныстырылды.

