Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

«Наурыз дастарханы» шеберлік сағаты. Г. Н. Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде Павлодар қаласының Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беру мектебінің 9-сынып оқушыларымен «Наурыз дастарханы» атты Наурыз көже дайындау бойынша шеберлік сағаты өткізілді. Шараға арнайы шақырылған қонағымыз Ералиева Гүлзейна Айтымбетқызы қатысып, оқушы қыздарымызға Наурыз көжені дайындау әдісін көрсетіп, өз тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, ол көженің мерекенің басты тағамы ретіндегі маңызын, құрамына кіретін жеті түрлі дәмнің пайдасын кеңінен түсіндірді.

WhatsApp Image 2026 03 19 at 11.00.50