«Бір экспонаттың тарихы: бесік-керует» тақырыптық дәресі. Ақсу тарихи-өлкетану музейінде №8 орта мектептің оқушыларына арналған «Бір экспонаттың тарихы: бесік-керует» атты тақырыптық дәресі өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар музейдегі қызықты экспонаттардың бірі — дәстүрлі бесікпен танысып, оның қызметі, құрылыс ерекшеліктері және қазақ халқының тұрмысындағы маңызы туралы мәлімет алды. Оқушыларға бесіктің қалай жасалатыны, қандай материалдар қолданылатыны, сондай-ақ баланың дүниеге келуі мен тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер туралы айтылды. Іс-шараға қатысқан оқушылар лекция тақырыбына қызығушылық танытып, қойылған сұрақтарға белсенді жауап беріп, отбасылық дәстүрлер туралы өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, бесіктің халықтың мәдени мұрасы мен дәстүрлерін сақтаудағы рөліне ерекше назар аударылды.

