“Наурызнама" онкүндігі. “Наурызнама" онкүндігі аясында, әр күн белгілі бір тақырыпқа арналған: амандасу, отбасы, ұлттық салт- дәстүрлер, тазалық, қайырымдылық акциялар, ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар және басқа да іс-шараларға арналған күндердің бірі - Көрісу күні, Наурыз мейрамының бастауы. Бұл мереке - татулық пен бірлікке шақыратын, үлкендер батасын беріп, ақ тілектерін айтатын күн.
Бүгін Павлодар облысы ҚХА этномәдени бірлестіктері, Ақсакалдар және Аналар кеңесі, «Ассамблея жастары» РҚБ, «НҰР-АНА әлемі» ҚБ-нің өкілдері Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі ұжымымен қауышып, Аналар кеңесінің төрағасы Б. Максилова шаңырақ иелерін құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
«Фанагория» чуваш ҚБ мүшесі Е. Юдинцева оқыған «Наурыз» өлеңі ерекше назарға ие болды. Қолөнер шебері Ғ. Сұңғатова Наурыз мерекесінің нышаны - Жолтерек сыйлығын мұзейге табыс етті.
Берекелі дастархан басында кездесу қатысушылары бір-біріне ізгі тілектерін айтты.
Мұндай сыйластық пен мейірімділіктің мерекесі жас ұрпаққа үлгі – өнеге болмақ.

