Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

«Ұлы Даланың көктемі» танымдық сағат. Наурыз мерекесі қарсаңында Павлодар қаласының №11 балабақшасында «Ertis» музейінің қызметкерлері «Ұлы Даланың көктемі» атты танымдық сағат ұйымдастырды. Балалар Наурыз мерекесін тойлау дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен танысып, бұл күннің жаңару, жақсылық және жаңа өмірдің басталуының символы екенін білді.
Іс-шара барысында балалар қызығушылықпен әңгіме тыңдап, сұхбатқа қатысып, өз білімдерімен бөлісті. Мұндай шаралар балалардың қызығушылығын арттырып, тарихқа деген танымын кеңейтеді, сондай-ақ достық пен өзара түсіністік сезімін қалыптастыруға көмектеседі.

WhatsApp Image 2026 03 17 at 09.30.59