Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

«Ұлттық үннің сазы» шеберлік сағаты. Ertis музейде ұлттық музыкалық аспаптарды жасау бойынша «Ұлттық үннің сазы» атты шеберлік сағаты өтті. Іс-шара барысында қатысушылар қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптарының шығу тарихы мен олардың жасалу ерекшеліктері туралы қызықты мәліметтермен танысты.
Шеберлік сағатына белгілі шебер Ғалым Маликов қатысып, қонақтарға домбыра жасау өнерінің қыр-сыры туралы кеңінен әңгімелеп берді.
Сонымен қатар, іс-шара аясында ұлттық музыкалық аспаптардың көрмесі ұйымдастырылып, келушілер домбыра, қобыз және басқа да дәстүрлі аспаптарды тамашалады. Көрме арқылы қатысушылар әр аспаптың ерекшелігі мен мәдени маңызын жақынырақ танып-білуге мүмкіндік алды.

WhatsApp Image 2026 03 17 at 09.27.16 1