«Қоныстардан қалашықтарға дейін» тақырыптық дәріс. «Ertis» музейінде №6 жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының қатысуымен «Қоныстардан қалашықтарға дейін» атты тақырыптық дәріс ұйымдастырылды. Дәріс барысында қонақтар ежелгі адамдардың өмір сүру ерекшеліктерімен, қоныстардың құрылысымен және бекіністі елді мекендердің пайда болу себептерімен танысты. Кездесу аясында археологиялық жәдігерлермен таныстырылып, қалашықтардың өңір тарихын зерттеудегі маңызы туралы айтылды. Іс-шара тарихи-археологиялық мұраны насихаттауға ықпал етіп, қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.


