2026 жылдың 11 ақпанында Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Біздің әйгілі жерлестеріміз Әуезов театры сахнасында» атты көрмесі ашылды. Көрме Мухтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 100 жылдығына және осы театр сахнасында өнер көрсеткен атақты жерлестерімізге арналған.
Көрмеде Ш. Аймановтың сахналық киімдері, театр актерлерінің фотосуреттері, М. Әуезов атындағы Ұлттық театр мен Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық-драма театрының афишалары ұсынылған.
Көрменің ашылуына Ж. Аймауытов атындағы Қазақ музыкалы драма театрының басшысы Арман Темірбек,зиялы қауым өкілдері, өлкетанушылар, тарихшылар, облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері мен ардагерлер қатысты.




