Музейде «Ұлы дала мұрасы: этностардың алтын қоры» атты көрме өтті. Бұл көрме – Қазақстанда өмір сүретін түрлі этностардың мәдени мұралары мен дәстүрлерін ұлықтауға арналған. Экспозицияда қазақ, татар, орыс және басқа да этностардың ұлттық киімдері қойылды. Шара барысында арнайы шақырылған қонақтар сөз сөйлеп, этностардың мәдени ерекшеліктері туралы ой бөлісті. Көрменің мақсаты Ұлы дала өркениетінің бай рухани мұрасын таныту, этносаралық келісім мен бірлікті насихаттау, сондай-ақ жастарды ұлттық құндылықтарды қастерлеуге баулу.




