Ақын-импровизатор Иса Байзақовтың 125 жылдығына арналған «Иса Байзақов: Сарыарқа саңлағы» атты музейлік сабақ өткізілді. Шараға Екібастұз инновациялық Еуразия университетінің жоғары колледж студенттері қатысты. Қалалық кітапхана кітапханашысы Байгаширова Н.Е. ақынның шығармашылығына арналған кітап көрмесін ұйымдастырды. Ақынның "Қалдырған" әнің Жомарт Қабыкенов орындап, көрерменге рухани әсер сыйлады. Естай атындағы балалар музыка мектебінің оқушысы "Желдірме" әнін шырқау өнерімен Ерназар Оралқайдар музейлік сабаққа үн қосты.




