Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

3 қазан күні, сағат 11.00-де «Ertis» музейінің қызметкерлері Г.Н. Потанинның туғанына 190-жыл толуына орай «Музей және Потанин: ғасырлар диалогы» атты ауызша журнал ұйымдастырады. Іс-шараның негізгі мақсаты: Атақты тұлға, ғалым фольклоршы, ботаник, публицист және қоғам қайраткерінің ғылыми мұрасын танымал ету, ел үшін жасаған еңбектерімен таныстыру.

Григорий Потаниннің басты ғылыми жетістігі деп Орталық және Шығыс Азиядағы бес ғылыми зерттеу экспедициясының қорытындысын айтуға болады. Бұларды ол аталған қоғамның тапсыруымен 1876-1899 жылдар аралығында басқарып, іске асырған. Осы экспедициялардың арқасында Орталық Азиядағы аса танылмаған және зерттелмеген аймақтар туралы ауқымды мәліметтер жиналып, үлкен гербарий мен зоологиялық коллекция жиналды. Сондай-ақ, Сібір, Орталық Азия, Қытай тұрғындарының мәдениеті, тұрмысы және халық шығармашылығына, тарихы мен эпосына қатысты құнды материалдар көбейді. Қатысушылар арасында: музей қызметкерлері, өлкетанушылар, тарихшылар, студенттер.

WhatsApp Image 2025 10 01 at 12.00.34