Еңбек күніне орай Ақсу тарихи-өлкетану музейінде №7 орта мектебінің 5-6 сынып оқушыларымен «Еңбек түбі – береке» атты таңымдық сағаты өткізілді. Іс-шарада балалар Еңбек күнінің тарихымен, балалардың мамандықтар әлеміндегі ой-өрісін кеңейтіп, музей қорындағы мамандыққа байланысты жәдігерлермен танысып «Мамандықты тап», «Мақалды жалғастыр» ойындары өткізіліп, оқушылардың басты мақсаты білім екеніне көз жеткізілді.




