Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейде қазақтың біртуар ғалымы, ойшыл ағартушы Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай Жетісу облысының Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейіне қарасты Шоқан Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемориалды музейінің қорынан ұйымдастырылған «Шоқан Уәлиханов: Ұлы тұлға мұрасы» атты жылжымалы көрме ашылды.
Көрмеде құнды экспонаттар Шоқан Уәлихановтың жәдігерлер мен деректер ұсынылып, ұлы тұлғаның өмір жолы, ғылыми ізденістері мен халқына қалдырған мол мұрасы жеке құжаттары және отбасы қолданған заттары, сонымен қатар ХІХ ғасырда қазақ халқының тұрмыс-тіршілікте пайдаланған ыдыс түрлері, аңшылыққа арналған құрал-жабдықтары ұсынылды.
Бұл заттар ұлы ғалымның өнегелі өмірі мен еңбек жолы, ғылымға қосқан зор үлесі жайлы тағылымды дерек береді. Экспозицияда жалпы саны 60-қа жуық экспонат қойылды. Көрме 2025 жылғы 17 - 18 қыркүйек аралығында жалғасады.

WhatsApp Image 2025 09 18 at 09.43.18WhatsApp Image 2025 09 18 at 09.41.58WhatsApp Image 2025 09 18 at 09.41.16