Ұлы ақын, ағартушының 180 жылдығына орай «Ertis» музейінде «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» атты танымдық сағат өтті.
Шараға қатысушылар Абай Құнанбайұлының өміріндегі маңызды кезеңдерді еске алып, оның рухани мұрасымен тереңірек танысты. Іс-шара барысында ақынның бүгінгі күнге дейін өзекті болып отырған білім, еңбек және адамгершілікке шақырған өсиеттеріне ерекше назар аударылды.




