Екібастұз тарихи - өлкетану музейінде «Құрақ құрау – бірігудің белгісі» шеберлік сабағы өткізілді. Қатысушылар ғасырлар бойы өзектілігін жоймаған сәндік тігудің көне түрі – құрақтың тарихымен танысты. Тәжірибелі шебердің жетекшілігімен әркім матаның жарқын қалдықтарынан өз үлгісін жасауда өз күшін сынап көре алды.




