Астана күнін мерекелеу қарсаңында Екібастұз тарихи-өлкетану музейінде Тәуелсіз Қазақстанның жүрегі Астананың тарихы мен дамуына арналған «Жырлаймын сені, Астана!» атты музейлік сабағы өткізіліді. Қатысушылар: Ақмоладан қазіргі Астанаға дейінгі қаланың даму кезеңдері туралы, маңызды архитектуралық нышандары туралы білді. Астана күні - бүкіл ел үшін мереке. Астанамыз көркейіп, шабыттана берсін!




