1 шілде күні Ақсу тарихи-өлкетану музейінде Домбыра күніне орай «Домбыра - асыл мұра» атты өнер сағаты өткізілді. Шара барысында Абай атындағы ОМ мектеп жанындағы лагерь тәрбиеленушілері домбыра туралы фотокөрмені тамшалап, қонағымыз — Қ. Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназияның ұстазы, күйші Ахмет Мұхтар Ерғанатұлымен таныс болды. Ол өзімен ала келген Абайдың домбырасымен «Әлқисса» күйін шертсе, балалар шығармашылық үйінің «Күншуақ» вокалдық ансамблінің әншілері Еренсіз Салман мен Қайырбек Сезім «Домбыра» әнін нақышына келтіре орындап, кешке әсем үн мен шынайы сезім сыйлады.
«Домбыра - асыл мұра» өнер сағаты
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина