Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Қазақ халқының мақтанышы, асқақ үнді ақын, сазгер әрі әнші – Біржан сал Қожағұлұлына биыл 190 жыл толып отыр. Осыған орай , Абай атындағы ЖОББМ- нің 7 сынып оқушыларына «Ұлы дала тұлғасы» атты әдеби шығармашылық кеш өткізілді. Кеш барысында оқушылар Біржан салдың өмір жолы мен өнері туралы тың мәліметтермен танысып, оның әндерін тыңдап, поэзиялық шығармаларын оқыды. Сонымен қатар, оның қазақтың әншілік дәстүрін дамытудағы орны мен мәдениетке қосқан үлесі кеңінен насихатталды. Біржан сал – қазақ өнерінің алтын діңгегі, ұлттық рухты көтерген дара тұлға. Мұндай шаралар жас ұрпаққа рухани тәрбие беріп, халқымыздың бай мәдени мұрасын бағалауға үйретеді.

IMG 20250516 WA0083IMG 20250516 WA0107IMG 20250516 WA0111