Екібастұз тарихи-өлкетану музейінде халық әнші, композитор Майра Шамсутдинованың 135 жылдығына «Ән елінің қызы» музыкалық сабақ №7 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушылардың қатысумен өтті. Шара барысында оқушылар М. Шамсутдинованың өмірбаянымен, отандық мәдениетке қосқан елеулі еңбегімен танысып, қазақ өнері тарихында өшпес із қалдырған музыкалық шығармаларынан үзінділер тыңдады.




