Ақсу қаласындағы «Кітап- AMANAT» орталығында ұйымдастырылған шараға Абай мектебінің 8-сынып оқушыларының қатысуымен тағылымды тарихи квест өтті. Бұл шара — тек танымдық ойын емес, тарихпен сырласу, өткенмен үндесу, туған өлкеден шыққан батырлар ерлігіне деген құрметтің көрінісі болды. Ұлы Отан соғысының басталғанына 80 жыл толуына орай ұйымдастырылған бұл ерекше кездесуде оқушылар Ақсу өңірінен шыққан ержүрек жерлестеріміз — Суптель Иван, Бердников Николай, Қамзин Қанаш пен Кривенко Иван және ортамыздағы жалғыз қалған соғыс ардагері Қалқаман ауылының тұрғыны артиллерист, сапер Василий Московченко т.б. туралы тың мәліметтермен танысты. Әр қатысушы топ өзіне берілген тапсырмаларды ынтамен орындап, тарихи деректерді саралап, батырлар өмірінің маңызды сәттерін еске алды. Бұл күн — есте қалатын, мағыналы, тәрбиелік мәні зор сәттерге толы болды.
Тарихи квест
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина