Д.П. Багаевтың музей-үйінде ҰОС Жеңісінің 80 жылдығына арналған «Естелік» фотокөрмесі ашылды. «Естелік» фотокөрмесі тарихи жадыны сақтауға арналған бірегей іс-шара болып табылады. Көрмеде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы павлодарлықтардың өмірін, еңбегі мен батырлығың бейнелеген Дмитрий Багаевтың фото жұмыстары ұсынылды. Сонымен қатар, көрмеде қазіргі заманғы соғыс ардагерлерін көрсететін заманауи фотосуреттер бар.




