Батылдық пен абырой – қарапайым сөздер емес, Отан алдындағы борышын соңына дейін орындаған адамдар туралы мәңгілік еске салу. Әскери Даңқ музейде Кеңес Одағының Батыры, қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орай № 9 ЖОББМ оқушыларына арналған «Әлия – қазақ халқының батыр қызы» атты ерлік сабағы өтті. Шақырылған қонақ «Қарулы Күштердің ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Павлодар филиалының төрағасы Жан Қайыркенұлы Қаратаев шараға қатысып, ол өз тәжірибесімен бөлісіп, жас ұрпаққа нұсқаулық берді.
«Әлия – қазақ халқының батыр қызы» ерлік сабағы
- Подробности
- Автор: Павлодарский областной историко-краеведческий музейим. Г.Н.Потанина