Ақсу тарихи-өлкетану музейі 1 мамырда «DASTUR-FEST» ұлттық мәдениеттер фестивалі өтті. Фестиваль аясында қатысушылар бірнеше номинация бойынша өнер көрсетіп, шығармашылықтары мен шеберліктерін көрсетті. Қазылар алқасы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтап, естелік сыйлықтармен және дипломдармен марапаттады. Фестиваль қорытындысы бойынша Еңбек орта мектебінің ұжымы 1 орынды, 2 орын славян этно-мәдени бірлестігі және 3 орынды балалар шығармашылық үйінің ұжымы иеленді. Қалалық мәдени және демалыс саябағында Қазақстан халқы бірлігі күніне орай «Ұлт бірлігі –ұлы байлық» атты қолданбалы шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде қаланың 20-дан астам шеберлері керемет туындыларымен көрерменді таңқалдырды.