Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы аясында Ақсу тарихи-өлкетану музейі, Балалар эко-техноорталығы мен Балалар өнер мектебі ақын, композитор, мол ақындықтың иесі Иса Байзақовтың 125 жылдығына арналған киіз үй орнатты. Көрмеде оның өмірбаяны мен оның дәуіріне қатысты заттар, сондай-ақ жергілікті қолөнершілердің жұмыстары ұсынылды.




