Әскери Даңқ Музейінде 8 наурыз қарсаңында Павлодар облысының еңбеккерлер-әйелдері туралы «У войны не женское лицо» атты ерлік сабағын өткізді.
Соғыс басталған кезде кейіпкерлердің бірі - Кенжегожина Меруерт Балғожайқызы жанңада 3 жасқа толды, ал екіншісі - Дегтярева Александра Алексеевна - 7 жаста болды. Павлодарға 1957 жылы Саратовтан келген Александра Алексеевна «Октябрь» машина жасау зауытында шамамен 40 жыл жұмыс істеді, Меруерт Балғожайқызы өмірін мал шаруашылығына арнады.
Дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат оқушылары тыл еңбеккерлерімен әңгімелесіп, олар үшін музыкалық нөмірлер орындады.




