Ақсу тарихи-өлкетану музейінде алғыс айту күніне арналған «Жылы сөз үшін рахмет» танымдық сағаты өткізілді. Іс-шараға «Ақ желкен» және «Искра» аула клубының футбол командасының мүшелері қатысты. Балалар Алғыс айту күнінің тарихымен танысып, адамгершілік құндылықтар, бір-біріне деген достық қарым-қатынас туралы түсініктерін кеңейтті.




