Бүгін біз қаланың құрметті азаматы, киномеханик, өте кішіпейіл адам және өзінің бүкіл еңбек өмірбаяны барысында бізге жаңа фильмдермен кездесулердің қуанышын сыйлаған керемет жұмысшы Яков Коноваловтың еңбек өмірбаянының беттерін парақтадық. Іс-шараға туыстары, құрметті азаматтар, ҚР Журналистер одағының мүшесі, еңбек ардагері, «Ақсу толқыны» радиохабарының редакторы С.Кондыкерова, достары, зағиптар қоғамының өкілдері, №4 және №7 ЖОБМ оқушылары қатысты. Іс-шара қонақтары қызықты естеліктерімен бөлісіп, Я.Коноваловтың қала туралы және қаланың дамуына зор үлес қосқан адамдар туралы фильмдерін тамашалады.




