Екібастұз тарихи – өлкетану музейінде «Құрақ құрау–бірігудің белгісі» шеберлік сабағы ұйымдастырылды.Іс-шараға №26 гимназия -мектебінің оқушылары қатысты. Қолөнер шебері Арайлым Хамзабаеваның жетекшілігімен қыздар жапсыру техникасын пайдаланып, құрақшалар құрастырып, ою және құрақ құрау әдістерімен танысты. Бұл іс-шараның басты мақсаты – жастарды ұлттық қолөнермен таныстырып, олардың шығармашылық дағдыларын дамыту болды.



