Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Біздің музей 2007 жылдың 18 мамырынан бастап «Музейдегі түн» халықаралық акциясына қатысады. Экспозициядағы экспонаттар біраз уақытқа жанданады. Бір түнде келушілер тарихи кезеңдер мен оқиғаларды қойылым арқылы тамашалайды.

Қойылым Павлодар қаласының Астана көшесінде орналасқан көне көпес үйінде басталады. Көше бойында сахналық алаңдарда Ертіс өңірінің музыкалық ұжымдары мен ансамбльдері өнер көрсетеді.

2014 жылдан бастап «Тарих керуені» көше іс – шарасының тұжырымдамасы құрастырылды. Арнайы тарихи кейіпкерлердің костюмдері тігіліп, бейне тақтайшалары құрылды. Музей қызметкерлері режиссерлік, сценарийлік, костюмерлік, актерлік шеберліктерін шыңдады. Қосымша актер ретінде белсенді студенттер шақырылады.

Кеш батқанда іс – шара музейде жалғасып, келушілер құпияға толы бейнелермен танысады. Шырақтардың жарық сәулелері арқылы әр кезеңнің кейіпкерлерімен танысып, дәуірдің тылсым рухын сезінеді.