Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

Академик Қ.И. Сәтбаев ескерткіші

Ұлы ғалым Қ.Сәтбаевқа ескерткіш 2021 жылы орнатылды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Павлодар облысы әкімдігінің атынан Нұр-Сұлтан қаласына сыйға тартылды.

Мүсін авторы – Асқар Маратұлы Нартов.

Сәулетші – Саматбек Тәженұлы Бөкебай.

Тұжырымдама авторы - Алтынбек Нухұлы.

Қ.И. Сәтбаевтың мүсінінің биіктігі плинтуспен 3 ауқымды құрайды  (5,25 м.), материалы – қола, салмағы – 4,9 т.

Тұғыры граниттен жасалған, биіктігі - 5,42 м.

Подиум, биіктігі – 1,08 м., ауданы 24*36 м.

Ескерткіштің жалпы биіктігі - 13 метр.

Академик Қаныш Сәтбаев – XX ғасырдың ғұламасы, дара тұлғасы. Ол 1899 жылы 12 сәуірде Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келді – 1964 жылы 31 қаңтарда Мәскеуде қайтыс болды, Алматыда жерленді.

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев - есімі кіші планетаға берілген тарихи біртуар тұлға, ірі мемлекет және қоғам қайраткері, аса көрнекті ғалым, Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш Президенті және негізін қалаушы, Үлкен Жезқазған кен орнының ашушысы және Ертіс-Қарағанды каналы құрылысының бастамашысы. Ұлы ғалым Қазақстанның тау-кен өнеркәсібінің негізін қалады, индустрияның көптеген жылдар бойы дамуын болжады. Қ.И.Сәтбаевтың есімі мемлекет тарихында алтын әріппен жазылған және ол Қазақстанның мақтанышы болып табылады.

Қаныш Сәтбаев кен орындарының геологиясы мәселелерімен айналысты, қазақстандық металлогендік мектептің негізін қалады. Жезқазған кен орнын зерттеуге және Орталық Қазақстанның болжамды геологиялық карталарын жасауға арналған еңбектері аса құнды болып табылады. Ол Жезқазған кен орнының әлемдегі ең ірі кен орындарының қатарына жататындығын дәлелдеді, оның әлеуетті ресурстарын қайта бағалауды негіздеді.

Аса көрнекті ғалым Қаныш Сәтбаев геология-минералогия ғылымдарының докторы (1942), профессор (1950), КСРО ҒА академигі және Қазақ КСР ҒА академигі (1946), Тәжік ҒА құрметті мүшесі (1951), Лениндік (1958) және КСРО Мемлекеттік (1942) сыйлықтарының лауреаты. 4 рет Ленин, Отан соғысы ордендерімен және КСРО медальдарымен марапатталған. Қаныш Сәтбаевтың құрметіне 100-ден аса нысандардың, оның ішінде Сәтбаев қаласы, мұздық пен Жоңғар Алатауы жотасының шыңы, Сәтбаевит минералы аталған. Сәтбаевтың есімін ҚР ҰҒА геологиялық ғылымдар институты, Қазақ ұлттық зерттеу университеті, Жезқазған қаласындағы Тау-кен металлургия комбинаты, республиканың қалалары мен ауылдарындағы көптеген мектептер мен көшелер аталған.

Көрсетілген демеушілік көмек үшін:

Халықаралық Қ.Сәтбаев қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Алтынбек Нухұлына;

«Корпорация «Қазақмыс» ЖШС басқарма төрағасы Огай Эдуард Викторовичке;

"Еуразия тобы" ЖШС басқарма төрағасы Шахажанов Серік Кәрімжанұлына;

«Қазақстан мұнайшы-геологтар одағы» бірлестігінің президенті Қуандықов Балтабек Мұқанұлына;

Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінің ректоры Бегентаев Мейрам Мұхаметрахымұлына;

«Атамұра» корпорациясының президенті Құл-Мұхаммед Рақымғали Абрарұлына;

«Габек» ЖШС бас директоры Бектұров Ғаббас Хамзеұлына;

Қ.Сәтбаев атындағы канал филиалының директоры Жиенқұлов Оңдасын Елубайұлына;

«Zhanros Drifting» ЖШС-нің бас директоры Мылтықбаев Алексей Бисенбайұлына;

«Азимут Энерджи Сервисез» АҚ атқарушы директор м.а. Низаев Алексей Владимировичке алғысымызды білдіреміз.