Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

13 12 2017Халықаралық этнографиялық экспедициясының ЕСЕБІ 

«Туған жер» -менің тарихым, менің мәдениетім, менің өлкем»  ҚР Президентінің бағдарлық тарабы аясында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру». Болашаққа көзқарас: қоғамдық сана-сезімді жетілдіру. 

Орындаушылар: Г.Н. Потанин атындағы                      

Павлодар облыстық тарихи-

өлкетану музей, Омбы                

археология, этнография институты;

Зерттеу жерлерінің ауданы:  Қашыр а., Багунус а., Тереңкөл а.,

Жасқайрат а., Трофимовка а. Качир ауданы, Башмачное а., Береговое а., Пятирыжск, Комаровка Железин ауданы Павлодар облысы,  Черлакский, Таврический аудандары Омбы облысы РФ.

Орындау мерзімі 2- 8 тамыз 2017 ж.

Экспедиция қатысушылары:

Г.Б.Нұрахметова -  Г.Потанин ат.облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы;

Ш.К.Ахметова - РАН ОФ ИАЭТ СО этнография секторының ғылыми қызметкері, профессор.

Ш.К. Абыкешова – ПОТӨМ этнография бөлімінің меңгерушісі;

А.Жакиенов- жүргүзуші.

Экспедиция мақсаты: 

Этномәдени зерттеу, Павлодар облысының Качир және Железин аудандары,Черлакский, Таврический аудандары Омбы облысы РФ

шежіре жөнінде деректер, аңыздар, мифтар, хикаялар жинау;

  • - Музейдің  этнографиялық топтамасын толтыру, этносоциялогиялық сұрастыру, халық кәсіптерінің жағдайын зерттеу, күнтізбелік және жанұя-тұрмыс дәстүрлерін зерттеу.
  • - халық кәсіптерінің жағдайын зерттеу, сәндік-қолданбалы өнер, халық шеберлік дәстүрінде жұмыс жасайтын шеберлерді анықтау,музейдің  этнографиялық топтамасын толтыру.
  • - қазақ дәстүрлі мәдениетінің резерваторларының бірі сияқты бірге тұрып жатқан қазақтардың күнделікті және жанұя –тұрмыс дәстүрлерін зерттеу, тұрмысты фото-видео – аудиофиксациялау.

Қазақстан тәуелсіз ел болғаннан бастап,  ұлттық мәдени қайнар көзіне назар аударуға, этнографиялық зерттеулерді көп өткізуіне  мүмкіндік пайда болды.

Өлкетану музейлердің қоры өлкені, тарихты  анықтайтын затты ескерткіштерді қамтамасыз ету керек.

Этнографиялық зерттеулер облыстың  Качир, Железин аудандарын, РФ Омбы облысының Черлакский, Таврический аудандарында жүргізілді.

Экспедиция құрамында, музей қызметкерлерінен басқа, РҒА Сібір бөлімінің  археология және этнография институтының Омбыдағы филиалының  аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымының кандидаты Ш.К. Ахметова болды.

Экспедицияның мақсаты - өлкеде тұратын халық мәдени дәстүрлерінің ерекшелігін және  халық дәстүрді сақтау дәрежесін зерттеу болды. Зерттеулер үшін көрнекі, орналасқандарына жүз және жүзден асқан елді мекендер таңдалды. Көп аймақты зерттеу  және хабарлаушылардың санын көбейту үшін, сұрастыру парақшалары, аудиовидеожазбаларға  ілеспе карточкалар пайдаланған. Сұрастыру және жазбалардан,  басқа маңызды хабарлаушылар видео, фотоға түсірілген. Хабарлаушыларды сұрастыру нәтижесінде  топонимика, шежіре, елді мененнің шаруашылығы, дәстүрлер ерекшелігі жөнінде құнды деректер анықталды. Солай, Качир ауданы, Байқоныс ауылында хабарлаушы Алтаев Қайрат Рамазанович, он тоғызыншы ғасырдағы әйгілі болыс Ілияс Жанкарин туралы, соңында Меккеке қажылыққа барып келген, қажы туралы мәліметтер берді.

Качирда хабарлаушы Зубайра Мәтіқызы өлкенің үйлену тойы және жерлеу рәсімдері туралы хабарлады. Сыңсу, (қыздың қоштасу өлеңі) беташар (үйлену той өлеңі) орындады.

Орта Ертісмаңы мәдениеті барлық уақытта бір жағынан Орта Қазақстанның қыр аймақтары мәдениетімен, сонымен бірге Батыс Сібір орманқыр мәдениеттеріне жақын тұрады. Этнографиялық экспедиция сонымен бірге Батыс Сібір қазақтарының этнолокальды тобынның (ауыл диаспорасы) 18 ғасырда қоныс аударып, аталған аймақта орналасқан өкілдерінің этномәдени адаптациясына арналған.

Бағдарлама көпшілік орыс тұрғындар ортасында өмір сүру ерекшеліктерін, қазақ тұрғындарының өз елінде емес (өз аймағында емес) жерде адаптация ерекшеліктерін  анықтады.

Зерттеушілердің ерекше  назарын арқашанда  қазақ тұрмысының дәстүрлі заттары, этникалық өзгешелік белгілері қызықтырды.

Жүйелік қор топтамасы бірегей экспонаттармен толтырылды: аң аулау белдігі «кісе белдік»  күміспен әшекейленген, 1934 ж. туған Тасин Нұрлан Жұмағұлұлы отбасында сақталынған, руы атығай, Омбы облысы Таврический ауданының  имамы. Белдік оның әкесі, Жұмағұл, сол ауданның имамынан қалған еді. Омбы облысының тумасы Таврический ауданының имамы,Қазақстандағы әйгілі ғалым-этнограф З.Кабулдиновтың әкесінің үйіндегі шабадандарды музейге сыйға тартты. «Жас Қайрат» ауылында, Качир ауданында Исмаилова Капиямен таныстық. Тың игеру кезінде Қазақстанға келді. Ұлты украин, қазаққа күйеуге шығып, ислам дінін қабылдады. Он бала тәрбиелеген. Ол музейге ағаш ұршық сыйға тартты.

Экспедиция кезінде 30 адамдан сұхбат алынып – өткен ғасырдағы тарихи оқиғалардың қатысушылары; 12 аудиосұхбат, 70 кадр түсірілді  және 4 сағатты видеожазба жазылды. Музей қоры қазақ, орыстардың материалдық мәдениетін көрсететін қызықты экспонаттармен толтырылды. Этнографиялық қатынаста хабарлаушылардың көбі  әр түрлі этнографиялық топтардың өкілдері болып келеді қазақтар, орыстар, украиндар, немістер ж.б. халықтар.

Осылайша, экспедицияға қойылған мақсаттар орындалды. Зерттеудің келесі кезеңі табылған материалды ғылыми өңдеу, этнографиялық заттарды зерттеу, оларды каталогтау болады.