Заявка на посещение и экскурсию - 8 (7182) 61-81-59

20140604 104307Павлодар облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Г. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Екібастұз тарихи-өлкетану музейі бөлімшесі.

Екібастұз тарихи-өлкетану музейі 1987 жылы  Г. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі»  коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының тарихи-өлкетану бөлімі ретінде құрылды. 1996 жылғы 23 сәуірдегі Екібастұз қаласы әкімінің өкімі негізінде 1997 жылы Екібастұздың 40-жылдығына ашылды.

Музейде 10 зал бар (бір көрме және тоғыз экспозициялық).

Экспозициялық залдар Шідерті 3 тас ғасырындағы, көне тас ғасырындағы Ангренсор, Майсор тұрақтарындағы, қола дәуірінің Ақ-бидайық қоныстарынан, темір дәуірі Тасмола мәдениетінің  Майкөбе обасынан ұсынылған  көне тас ғасырынан ерте көшпенділер тарихына дейінгі өлке тарихы археологиялық қазба материалдарымен; қазақ халқының материалды және рухани белгілерімен; баянауылдық кентанушы Қосым Пішенбаевтың  Екібастұз тас көмір орнын ашуымен; Екібастұз қаласының қалыптасуы мен даму тарихымен соның ішінде әйгілі тұлғалар, «Богатырь Көмір» ЖШС-нің «Богатырь» кеніші, «Евроазиаттық энергетикалық корпорация» акционерлік қоғамының «Восточный» кеніші,    Б. Нұржанов атындағы МАЭС-1 және Екібастұз МАЭС-2 стансаларымен,  Екібастұздың қайғылы тарих беттерінен  - Қазақстандағы саяси қуғын сүргінге ұшыраған адамдар;     Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігінің қалыптасуы және тәуелсіз демократикалық мемлекеттің қалыптасуындағы Н.Ә. Назарбаевтың тарихи рөлімен таныстырады.

Музейде кез келген санаттағы келушілерге қазақ және орыс тілдерінде шолу және тақырыптық экскурсиялар жүргізіледі.

1 қаңтар 2016 жылы музей жинағының негізгі қоры 24966 бірлікті құрайды. Олардың арасында өте сирек кездесетін жәдігерлер бар: XVII ғасырдағы Құран, XVIIІ ғасырдағы неміс музыкалық аспабы - фисгармония, XІХ ғасырдағы самауырлар жинағы және т.б.

Бұқаралық-ағарту жұмыстары туған өлкесінің тарихын сүюге, патриоттық сезімін тәрбиелеуге, Екібастұз өңірінің дарынды, шығармашылық адамдарымен таныстыруға бағытталған: сабақтар мен экскурсиялар, дәрістер, шеберлік сыныптарын, кездесу кештер ынтымақтастықта болатын білім берудің барлық деңгейіндегі оқу орындарымен және қоғамдық бірлестіктерімен ұйымдастырылады.

Кітап баспасы қызметінің үлкен маңызы бар. Музей «Екібастұз» энциклопедиясы, «Екібастұз өлең өрінде»  атты Екібастұз өңірі ақындарының өлеңдер жинағы, «Война. Годы. Память» кітабы, «ART Шашу» қолданбалы сәндік өнер шығармашылығы альбомы баспаға шыағарылды.

Екібастұздың көрікті жерлерімен, соның ішінде «Богатырь» көмір кенішімен таныстыру мақсатында музей автобусты және жаяу жүргіншілер экскурсиясын өткізеді.

Ақкөл ауылдық округіндегі «Исабек Ишан Хазрет» мемориалды музейінің, «Богатырь Көмір» ЖШС «Кеншілер даңқы» музейінің  тақырыптық-экспозициялық құраушысы болып табылады. 

 Екібастұз қаласында жалғыз көрме зал болып табылатын музейдің көрме  залында   музей коллекциялық тұсаукесері; Ақтөбе, Павлодар, Екібастұз қалаларының сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің жеке коллекциялар көрмелері;  алматылық, павлодарлық, екібастұздық  фотосуретшілердің фотокөрмелері өтеді.

Музейаралық ынтымақтастық шеңберінде Ақмола облысы, Ерейментау кентіндегі Бөгенбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейімен, Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейімен, академик Қ. Сәтпаев атындағы Баянауыл мемориалды музейімен бірге серіктестік жобалары жүзеге асырылған.

Музей қызметі мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім Министрлігі Комитеті, Павлодар облысының мәдениет Департаменті, Павлодар облысының Білім Департаменті, Павлодар облысының ардагерлер Кеңесі, Қазақстан халықтарының Кіші Ассамблеясының алғыс хаттарымен және дипломдарымен  марапатталды.

Мекен-жай:  Қазақстан  Республикасы,  Павлодар  облысы 141200
Екиібастұз қаласы, Кеншілер көшесі, 34, факс/тел.: 8(7187)752892, 222698
Электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Сайт:   pavlkraimuz.kz
Жұмыс кестесі  дүйсенбі – жексенбі сағ.  9.00 -18.00 дейін үзіліссіз
Бөлімше басшысы Ордабаева Салтанат Қаржаубайқызы

1 2