Екібастұз тарихи-өлкетану музейінде түймеден аппликация жасау шеберлік сабағы өткізілді. Екібастұз қаласының әлеуметтік қызметтер орталығының қонақтары қуана-қуана шығармашылық процеске кірісіп, түймелер, қарындаштар және ПВА желімнің көмегімен аппликация жасады. Нәтиже таңқаларлық! Жарқын, креативті картиналар – нағыз өнер туындылары дерсің! Осындай іс-шаралар мүмкіндігі шектеулі жандар үшін өте маңызды. Бұл тек шығармашылық қабілеттерін көрсету мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар қолдау мен қамқорлықты сезіну мүмкіндігі деп білеміз.




