Уақыт – ұлы сыншы. Уақыт — дүние-өмірдегі түрлі оқиғалар болмысының жалғасымды тізбегін, ілгері-кейін ретін білдіретін қайтымсыз сабақтастық болып, ол өткеннен келеді, қазірді басып өтеді, болашаққа бағытталады. Ақсу тарихи-өлкетану музейде «Уақыт сиқыры» атты сағаттар көрмесінің ашылуы өтті. Көрмеге музей қорындағы сағаттар қойылды. Көрме қаңтар айының 26 жұлдызына дейін жалғасады.




