Музей құнды заттарды халық жадын жаңғыртушы әрі тәлім-тәрбие орталығы. Мұндағы әрбір жәдігердің «жаны» бар, бойында көне дәуір сыры бар. Музей бір сәт өткен уақыт пен көшкен кеңістікті зат бейнесінде жеткізіп, жан-дүниеңмен сезіндіретін мәдени-рухани құбылыс. Міне, сол көне дәуір куәгерлерін барынша жарқыратып көпшілікке көрсету бар да, жоғалтып, шашыратып алмай, келер ұрпаққа табыстау міндеті бар. «TUGAN QALA» жобасы аясында Ақсу қаласының «Ақсу тарихи- өлкетану» музейінде «Менің отбасымда сақталған құнды зат» фестивалы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Жоба авторы музей басшысы Акшулакова Гүлжанар Нәскенқызы. Фестивалдың мақсаты музей қорын толтыру және әр бір отбасында сақталған құнды заттармен бөліссе деген мақсатта жүргізілді. Акцияға 50 ден астам қатысушы қатысты. Олардың әр қайсының өзіндік тарихы мен маңызы бар. Жинақталған заттар белгілі тұлғалардың жеке заттары мен томдық жинақтары. Құжат, фото суреттер мен халықтың күнделікті тұрмыста қолданған заттарын тамашалады. Бұл кешегі тарих пен бүгінді сабақтастырады.